Таң 03:44 Күн 05:20 Бесін 12:52 Екінті 18:03 Шам 20:18 Құптан 21:55

Умра дегеніміз не?

11/06/2017

 

Ум­ра (араб ті­лін­де) – зия­рат ету де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы – бел­гі­лі бір уа­қыт­тан тыс жыл­дың кез-кел­ген уақы­тын­да их­рам­ға кі­ріп, тауап жә­не са­ғи жа­са­ған­нан кейін шаш­ты ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­тып, их­рам­нан шы­ғу жол­да­ры­мен ат­қа­ры­ла­тын ғи­ба­дат.

 

Ум­ра ғи­ба­да­ты­ның үкі­мі

Ха­на­фи, Ма­ли­ки мәз­һа­бын­да мүм­кін­ді­гі бол­ған әр мұ­сыл­ман­ға ум­ра жа­сау – бе­кі­тіл­ген сүн­нет. Ал Ша­фи­ғи жә­не Хан­ба­ли мәз­һаб­та­рын­да, ша­ма­сы жет­кен әр­бір мұ­сыл­ман­ға өмі­рін­де бір рет ум­ра жа­сау – па­рыз.

 

Ум­ра­ның па­рыз­да­ры

  1. Их­рам­ға кі­ру
  2. Қағ­ба­ны тауап жасау

 

Ум­ра­ның орын­да­ла­тын уақы­ты

Жо­ға­ры­да біл­дір­ге­ні­міз­дей, ум­ра ғи­ба­да­тын кез-кел­ген уа­қыт­та орын­дауға бо­ла­ды, бі­рақ құр­бан айт күн­де­рі орын­дау – тах­ри­ман мәк­рүһ. Ум­ра­ның Ра­ма­зан айын­да жа­са­луы аб­зал жә­не сауабы мол.

 

Ум­ра ғи­ба­да­ты қа­лай орын­да­ла­ды?

Ум­ра ғи­ба­да­тын орын­да­ғы­сы кел­ген адам ми­қат­та их­рам­ға кі­ру үшін дайын­да­лып, екі рә­кат их­рам на­ма­зын оқы­ған­нан кейін «Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра жа­сауды ниет ет­тім, ум­ра­ны ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал», – деп ниет етіп, ар­ты­нан тәл­бия дұ­ға­сын ай­тып, их­рам­ға кі­ре­ді. Бас­қа уа­қыт­тар­да­ғы ха­лал кей­бір нәр­се­лер их­рам­ды бол­ған уа­қыт­та ха­рам бо­ла­ды.

Мәс­жи­дул-Ха­рам­ға кел­ген уа­қыт­та «Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра тауа­бын жа­сауды ниет ет­тім, тауап­ты ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал», – деп ниет еті­ліп, ум­ра­ның тауабы жа­са­ла­ды. Тауап біт­кен­нен кейін мүм­кін бол­са, Иб­ра­һим ма­қа­мын­да, бол­ма­са ме­шіт­тің кез кел­ген же­рін­де екі рә­кат на­маз оқи­ды. Со­сын «Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра са­ғиін жа­сауды ниет ет­тім, са­ғи­ді ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал», – деп ниет етіп, Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да төрт рет ба­ру, үш рет қайту бо­лып, же­ті рет ба­рып-ке­лу­мен ум­ра­ның са­ғи мін­де­ті ат­қа­ры­ла­ды. Са­ғи­ді орын­да­ған­нан кейін шаш­та­рын ал­ғы­зып, не­ме­се қыс­қар­тып, их­рам­нан шы­ға­ды. Осы­лайша ум­ра ғи­ба­да­ты аяқ­та­ла­ды.