/>
Таң 05:18 Күн 06:34 Бесін 12:49 Екінті 17:07 Шам 18:57 Құптан 20:13

МИНА

03/06/2017 1192 0 muftyat.kz

МИНА

 

Зул-хижжа айының 8-күнін «йәумут-тәруия» деп атайды. Бұл сөз тіркесі «шөл қандыратын күн» деген мағына береді. Ерте кезде қажылар Меккеден 25 шақырым жердегі Арафат тауына жаяу жету үшін жолға су толтырып алып шыққан. Бұл күні қажыға барған мұсылмандар Мекке мен Арафат тауының арасында орналасқан Минаға бет алады. Минаға жеткенде қажы былай деп дұға айтады:

Аллаһумма һәзиһи минә фәмнүн ғаләйә бимә мәнәнтә биһи ғала әулийәәіикә уә әһли таағатика, сүбханәлләзи фис-сәмәәіи ғаршуһу сүбханәлләзи филарди сатуатуһу, сүбханәлләзи фил-бахри сәбиилуһу, сүбханәлләзи фин-нәәри сұлтаануһу, сүбханәлләзи фил-жәннәти рахмәтуһу, сүбханәлләзи рафағас-сәмәәіә уә уадағал-арда би-құдратиһи. Сүбханәлләзи лә мәнжә уә мәлжәіә минһу иллә иләйһи.


Мағынасы:
Я, Алла! Бұл – Мина. Әулиелер мен Саған құлшылық еткен халықтарға жасаған қайырымыңды маған да көрсет.
Аспанда тағы бар Саған – мақтау.
Жерде билігі бар Саған – мақтау.
Теңізде жолы бар Саған – мақтау.
Отқа әмірі бар Саған – мақтау.
Жаннатта рахметі бар Саған – мақтау. Бар мақтауымыз – құдіретіңмен Аспанды көтерген, Жерді қойған Саған. Бар мақтауымыз – баспана беруші, құтқарушы Саған.

Минада қажы Зул-хижжа айының 8-күніндегі бесін, намаздыгер, намазшам, құтпан намаздарын өз уақытында оқиды. Минада Хайф мешіті бар. Кезінде бұл жерде Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) мен сахабаларына қарсы шыққан меккелік тайпалар («Азхаб») бас қосқан. Кейін Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) қажылық жасағанда осы Хайфте арнайы тоқтаған. Минада түнеген қажы Зул-хижжа айының 9-күніндегі памдат намазын оқып болғасын, күн шыққаннан кейін Арафатқа бет алады.