/>
Таң 04:39 Күн 06:02 Бесін 12:58 Екінті 17:47 Шам 19:48 Құптан 21:11

Қажылықтың мерзімі

06/06/2017 1303 0 muftyat.kz

Мұсылман күнпарағындағы он екінші айды «Зүлхижжа» («Қажылықтың айы») деп атайды. Осы Зүлхижжа айының 8-12 күндері Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) белгілеп беріп кеткен қажылықтың негізгі рәсімдері (манасиктері) орындалады. Һижра жыл санауындағы қажылықтың осы нақты белгіленген күндері григориан календарындағы алдағы жылдары болатын мына күндерге сәйкес келеді: 1431 һижра жылында – 13-17.11.2010 ж., 1432 һижра жылында – 2-6.11.2011 ж., 1433 һижра жылында – 22-26.10.2012 ж., 1434 һижра жылында – 11-15.10.2013 ж., 1435 һижра жылында – 1-5.10.2014 ж., 1436 һижра жылында – 20-24.09.2015 ж. … Сонымен қажылық дегеніміз – бірнеше әдетғұрыптардан, діни жоралардан, салт-дәстүрлерден тұратын Исламның қазығы.