/>
Таң 04:39 Күн 06:02 Бесін 12:58 Екінті 17:47 Шам 19:48 Құптан 21:11

МЕККЕ

04/06/2017 1344 0 Қажылық кітабы

МЕККЕ

 

Мекке – мұсылмандардың қасиетті шаһары, оның «мүкәррәма» («аса кадір тұтатын») деген теңеуі бар. Алла тағаланың сөзі жазылған Құран кәрімде Меккені «Умм әл-қура» («қалалардың Анасы»), Бекке (шаһардың көне атауы), «әл-Бәләд әл-әмин» («Қауіпсіз қала») деп те атайды. Мекке мүкәррәма – Адам ата мен Һауа ананың өмір сүрген жері, бұл қасиетті жерде Ибраһим пайғамбар мен Исмайыл пайғамбар (ғаләйһимас-сәләм) халыққа уағыз айтқан. Мекке мүкәррәма – Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) кіндік қаны тамған жер. Осы қасиетті мекеннен Ислам дінінің ақиқат жолы  бастау алады. Мекке Қызыл теңіз жағалауындағы Жидда қаласынан 74 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 279 метр биіктікте. 

Қажы Меккеге келгеннен кейін, қонақ үйге жайғасып, денесін тағы да толық жуады, яғни ғұсыл жасайды. Меккеге кіргенде оқылатын дұға (Ескерту: Бұл дұғаны оқығанда екі қолды жоғары көтермейді.)

"Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим Аллаһумма әжғал ли биһә қарааран уәрзұқни фиһә ризқан жәләәлән". Мағынасы: Қайырымды, рақымды Алланың атымен (бастаймын). Уа, Алла! Онда (Меккеде) баспана бер, мол рызық бер! (әмин)