/>
Таң 05:18 Күн 06:34 Бесін 12:49 Екінті 17:07 Шам 18:57 Құптан 20:13

МӘСЖИД ХАРАМ

06/06/2017 1159 0 Қ. Ламашәріп - Қажылық кітабы

МӘСЖИД ХАРАМ

 

Мәсжид Харам – бұл мұсылмандардың басты мешіті. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі туып-өскен, Алла тағаланың ақиқат дінін насихаттаған Меккеге Ислам дінін ұстамайтын адамдарға кіруге тыйым салып, Қағба, Ибраһим мақамы, Зәмзәм кұдығы бар бұл қасиетті мешітті «Тыйым салынған мешіт», яғни «Мәсжид Харам» деп атаған. Мәсжид Харам Мекке қаласының ортасында орналасқан. Қазіргі уақытта Мешіттің көлемі 309 мың шаршы метрді алып жатыр. Мешіттің 9 мұнарасы бар, олардың биіктігі 95 метр. Мешіттің 4 үлкен қақпасы және кіретін 44 есігі бар. Мешітте бір уақытта 700 мың адам намаз оқи алады.

 

Мәсжид Харамға жақындағанда оқылатын дұға:

Аллаһумма иннә һәзәл-харама харамүкә, уәлбәләдә бәләдүкә, уәл-әмнә әмнүкә, уал-абдә абдука, жиітукә мин биләәдин бағиида би-зунубин кәфиирә, уа ағмаалин сәйіә, әсәлүкә мәсәләтәл-мұдтариина иләйкә, әл-мұшфиқиина мин азаабика, ән тәстақбилни бимәхдин ғафуикә уәән тудхилни фәсиихә жәннәтикә, жәннәтин-нағиим. Аллаһумма иннә һәзә харамукә уә харама рәсууликә, фәхррим ләхми уә дәми уә ғазми ғалан-нәәр, аллаһумма әминни мин азаабикә йәумә тәбғасу ғибаадәкә әсәлүкә би-әннәкә әнтә Аллаһ лә илаһа иллә әнтә ар-рахманур-рахиим, ән тусалли уә тусәллимә ғала сәйидинә Мухаммәдин уә ғала әәлиһи тәслиимән кәсиирән әбәдән. Мағынасы: Я, Алла! Бұл харам (кәпірлерге кіруге тыйым салынған жер) Сенің харамың. Бұл елді мекен Сенің елің. Қауіпсіздік – Сенің қауіпсіздігің. Құл – Сенің құлың. Мен алыс елден көптеген кінәлардан тазару
үшін, жаман істерден арылу үшін келдім. Саған мұқтаждардың, азабыңнан айайтындардың сауалын Сенен сұраймын. Кешірім жасап, мені қабыл ал. Рақатқа бөлейтін жаннаттың – Сенің жаннатыңның қақпасын айқара ашып, кіргіз мені. Я, Алла! Бұл – Сенің харамың және де Сенің пайғамбарыңның харамы. Етімді, қанымды, сүйегімді тозақ отынан сақта. Я, Алла! Құлшылық еткендерді тексерген күні азабыңнан сақтауды Сенен сұраймын. Өйткені, Сен – Алласың, Қайырымды, рақымды Сенен басқа құдай жоқ. Мұхаммед пайғамбарымыздың, оның әулетін мәңгілік жарылқа, шексіз қолда.
Қажы Мәсжид Харамға оң аяғымен кіреді.


Мешітке оның басты қақпасы «Сәләм» («Бейбітшілік») қақпасынан кірген абзал.

Мәсжид Харамның «әс-Сәләм» қақпасынан кіргенде оқылатын дұға:

Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәму фәхайинә раббәнә бис-сәләәми уә әдхилнә әл-жәннәтә дәәрәс-сәләәми тәбәәрәктә уә тағаалайтә йә зәлжәләәли уәл-икрәәми аллаһумма ифтәх ли әбуәәбә рахмәтикә уә мағфирәтикә уә әдхилни фиһа, бисмиллаһи уәл-хамду лиллаһ уас-салаату уәс-сәләәму ғала рәсуулиллаһи саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләмә. Мағынасы: Я, Алла! Сен бейбіт өмір берушісің, Сенен – бейбітшілік. Бізге бейбіт өмір бер. Жаратқан Иеміз! Бейбіт үйі – жаннатқа бізді кіргіз. Я, Ұлылық пен құрметтің Иесі! Құт-береке бердің, биік болдың. Я, Алла! Рақымшылығыңның, мейіріміңнің қақпаларын аш маған, ішіне кіргіз. Алла атымен. Аллаға – мадақ! Алланың елшісіне (с.а.с.) тыныштық тілейміз, дұға бағыштаймыз.