/>
Таң 06:18 Күн 07:33 Бесін 13:08 Екінті 16:54 Шам 18:39 Құптан 19:54

Қажылық кезіндегі таңдаулы дұғалар

03/06/2017 751 0 muftyat.kz

Қажылық кезіндегі таңдаулы дұғалар

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұғаның ең жақсысы – Арафа күні айтылған дұға. Мен және маған дейінгі Пайғамбарбарлар айтқан ең абзал дұға:

لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

«Лә иләһә иллал-лаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһәл-хамд, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир».

Мағынасы: Алладан басқа ешбір құдай жоқ. Ол жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. Барлық маөтау Оған тән, әрі мақтау-мадақ Оған лайық. Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.у.) Алла үшін ең сүйікті төрт сөзді келтірген. Олар:

سُبْحَانَ اللَّهِ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَاللَّهُ أَكْبَرُ

«Субханаллаһи, уәл-хамду лилләһи, уә лә иләһә иллал-лаһу, уаллаһу әкбар».

Мағынасы: «Алла пәк, барлық мақтау-мадақ Аллаға тән, Алладан басқа ешбір құдай жоқ, Алла ұлы».

Қажылық кезінде осы дұғалармен қатар сүннетте кездесетін басқа да дұғаларды көп оқыған абзал. Әсіресе Арафат күні көп дұға оқу керек.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла тағала Ұялшақ әрі Жомарт. Ол құлының созған қолдарын құр қайтаруға ұялады»,-деп дұғаларды қабыл ететінін айтқан.

 

Дұғаның әдептері

  1. Дұғаны ықыласпен оқу.
  2. Алладан басқа ешкімнен сұрамау.
  3. Дұғаны Аллаға мадақ және шүкіршілік, сондай-ақ Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат пен сәлем айтумен бастау және солай аяқтау.
  4. Дұға жасаған кезде Алла дұғаны қабыл алатынына және сұрағанын беретініне кәміл сенімді болу.
  5. Дұға тілеуден жалықпау және дұғаның қабыл болуына асықпау.
  6. Дұғаның тіл мен жүректен шығуы.
  7. Дұғаны қиын-қыстау кезде ғана емес, кеңшілік кезде де оқу.
  8. Өзіне, мал-мүлкіне, туған-туысқандарына және бала-шағасына қарсы дұға жасамау.
  9. Дұғаны іштей тілеген абзал.
  10. Істеген күнәларын мойындап, ол күнәлары үшін кешірім сұрау және Алланың нығметтері үшін алғыс айту.
  11. Дұға оқығанда қорқыныш пен үміт арасында болу.
  12. Дұға оқығанда істеген күнәлары үшін шынайы өкініп тәубе ету және оны қайталамауға уәде беру.
  13. Біреуге жасағысы келген зұлымдығынан тыйылып, тәубе ету.
  14. Дұғаны үш реттен қайталап айту.
  15. Мүмкіндік болса құбылаға қарау.
  16. Дұға оқыған кезде екі қолды көтеріп, алақанды жайып ұстау.
  17. Дұға оқығанда дәретті болу.
  18. Аллаға қатысты әдеп сақтап жасау.
  19. Алдымен өзіне, одан кейін басқаларға дұға жасау.
  20. Дұғаны Алланың есім-сипаттарын ара салып айту.
  21. Киген киімі, ішкен тамағы және тапқан табыстары адал болу.
  22. Дұға оқушы адам жақсылыққа шақырушы, жамандықтан тыюшылардан болып, күнә істерден алшақ болғаны жөн.

 

Дұғаның қабыл болатын уақыттары

  1. Түн соңғы үштен бірінде.
  2. Парыз намаздарынан кейін.
  3. Азан мен қаматтың арасында.
  4. Азан айтылған кезде.
  5. Жаңбыр жауған кезде.
  6. Жұма күнінің соңғы сағатында.
  7. Зәмзәм суын ішкенде.
  8. Сәждеде.
  9. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы.
  10. Арафат күні жасалған дұға.
  11. Алланы еске алуға жиналған мұсылмандардың жиынында оқылған дұға.
  12. Ата-ананың балаларына және балаларының ата-анасысы үшін жасаған дұғасы.
  13. Жолаушының дұғасы.
  14. Ізгі ұрпақтың ата-анасы үшін жасаған дұғасы.
  15. Дәрет алғаннан кейінгі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқан дұғаларының бірі.
  16. Минадағы кіші және ортаңғы жамараттарда лас лақтырғаннан кейін жасалған дұғалар.
  17. Қағбаның ішінде немесе жанында жасалған дұға. Хижр бұрышы Қағбаның бір шеті болғандықтан Оның іші де Қағбаның іші болып саналады. Сондықтан Хижрдың ішінде дұға жасаған адам Қағбаның ішінде дұға жасаған болып саналады.
  18. Сафа мен Маруада оқылған дұға.
  19. Муздалифада оқылған дұға.

 

Алла тағала Құран Кәрімде:

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ

«Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін. Мүмкін олар дұрыс жолға түсер»,-деген. (Бақара, 186)

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَايَ وَأَهْلِي وَمَالِي اللَّهُمَّ اسْتُرْ عَوْرَاتِي وَآمِنْ رَوْعَاتِي اللَّهُمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ وَمِنْ خَلْفِي وَعَنْ يَمِينِي وَعَنْ شِمَالِي وَمِنْ فَوْقِي وَأَعُوذُ بِعَظَمَتِكَ أَنْ أُغْتَالَ مِنْ تَحْتِي

«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафиятә фид-дуния уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фи дини, дуния-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати, Аллаһуммах-физни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузу биъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».

Уа, Аллаһым! Сенен мен (осы) дүние мен ақыретте жарылқау және есен-амандықты тілеймін. Аллаһым, Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Аллаһым, абыройымды Өзің бүркеп қорғағайсың, мені қорқыныштан аман еткейсің. Аллаһым, мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен (келетін зияннан) Өзің сақтағайсың. Кенеттен қиянатқа ұшырып, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана тілеймін.

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكُ الرِّضَى بَعْدَ الْقَضَاءِ وَبَرْدَ الْعَيْشِ بَعْدَ الْمَوْتِ وَلَذَّةَ النَّظَرِ فِي وَجْهِكَ الْكَرِيمِ وَشَوْقًا إِلَى لِقَائِكَ مِنْ غَيْرِ ضَرَّاءِ مَضِرَّةٍ وَلا فِتْنَةٍ مُضِلَّةٍ ، أَعُوذُ بِكَ أَنْ أَظْلِمَ أَوْ أُظْلَمَ أَوْ أَعْتَدِيَ أَوْ يُعْتَدَى عَلِيَّ أَوْ أكْسِبَ خَطِيئَةً مُخْطِئَةً أَوْ ذَنْبًا لا يُغْفَرُ ، اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ عَالِمَ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ ذَا الْجَلالِ وَالإِكْرَامِ

«Аллаһумма инни әс-әлукәр-рида бәъдәл-қада, уә бәрдәл-ъайши бәъдәл-мәути, уә ләззәтән-нәзари фи уәжһикәл-кәрими, уә шәуқан илә лиқа-икә мин ғайри дарра-и мудирратин, уә лә фитнәтин мудилләтин. Әъузу бикә ән азлимә әу узләмә әу әътәдия әу юътәдә ъаләй-йә әу әксибә хати-әтән әу зәнбән лә юғфару. Аллаһумма фатирус-сәмәуати уәл-ард, ъалимал-ғайби уәш-шәһәдәти зәл-жәләли уәл-икрам».

Аллаһым, Сенен тағдырдан кейінгі ризалықты, өлгеннен кейінгі жайлы өмірді, Сенің жомарт жүзіңді көру ләззатын, зиян тигізуші таршылықтан, адастырушы бүліктерден аман күйде Өзіңді кездестіруді сұраймын. Мені зұлымдық жасаудан немесе әділетсіздікке ұшыраудан немесе біреуге озбырлық істеуден не маған біреудің озбырлық істеуінен немесе кешірілмейтін күнә жасауымнан сақтанып, Өзіңнен пана сұраймын. Аллаһым, көктер мен жерді жаратушы, көмес пен айқындықты білуші, зор Үстемдік пен Құрметке ие Өзіңсің.

اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ لَا إِلَهَ إِلَّا

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи самъи, Аллаһумма ъафини басари, лә иләһә иллә әнтә. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри. Аллаһумма  әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнтә».

Аллаһым, Тәніме аулық бер! Аллаһым, естуіме саулық бер! Аллаһым, жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Аллаһым, мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.

للَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ

«Аллаһумма әнтә Рабби лә иләһә иллә әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдукә уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мәстәтаъту, әъузу бикә мин шәрри мә санаъту әбу-у ләкә биниъмәтикә ъаләй-йә уә әбу-у бизәмби фәғфир ли фә-иннәһу лә яғфируз-зунубә иллә әнт».

Аллаһым, Сен – менің Раббымсың, Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен мен жараттың, мен – Сенің құлыңмын. Мен күш-құдыретім жеткенше Саған деген уәдемде әрі сертімде тұрамын. Және жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Маған бергеннығметтеріңді әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр. Шын мәнінде күнәларды кешіретін Сенен өзге ешкім жоқ.

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَالْبُخْلِ وَالْجُبْنِ وَضَلَعِ الدَّيْنِ وَغَلَبَةِ الرِّجَالِ

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-һәмми уәл-хәзәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».

Аллаһым, Расында мен уайым-қайғыдан, әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтан, қарызға батудан әрі адамдардың өктемдігінен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ الْجُبْنِ وَأَعُوذُ بِكَ أَنْ أُرَدَّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الدُّنْيَا وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-жубни, уә әъузә бикә ән урәддә әрзәлил-ъумури, уә әъузә бикә мин фитнәтит-дәния уә әъузә бикә мин ъазәбил-қабри».

Аллаһым, мені қорқақтықтан сақтай көр. Аллаһым мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Аллаһым, бұл дүниенің бүлігінен Өзіңе сыйынамын. Аллаһым, мен қабір азабынан Өзіңе сыйынамын.

اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي وَوَسِّعْ عَلَيَّ فِي ذَاتِي وَبَارِكْ لِي فِي رِزْقِي

«Аллаһумма аслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи».

Аллаһым, Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың.

رَبِّ اجْعَلْنِي لَكَ شَكَّارًا لَكَ ذَكَّارًا لَكَ رَهَّابًا لَكَ مُطِيعًا إِلَيْكَ مُخْبِتًا إِلَيْكَ أَوَّاهًا مُنِيبًا رَبِّ تَقَبَّلْ تَوْبَتِي وَاغْسِلْ حَوْبَتِي وَأَجِبْ دَعْوَتِي وَاهْدِ قَلْبِي وَسَدِّدْ لِسَانِي وَثَبِّتْ حُجَّتِي وَاسْلُلْ سَخِيمَةَ قَلْبِي

«Раббиж-ъални ләкә шәккәран ләкә, зәккәран ләкә, раһһәбан ләкә, мутиъан иләйкә, мухбитән иләйкә әууәһән мунибән. Рабби тақаббәл тәубәти уәғсил хаубәти, уә әжиб дәъуәти уәһди қалби, уә сәддид лисәни уә сәббит хужжәти, уәслул сәхимәтә қалби».

Аллаһым, Мені Өзіңе әрдайым шүкір етуші, әрдайым еске алушы, Өзіңнен қорқушы, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Раббым, менің тәубемді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік қылғайсың және көкірегімнің кегін басқайсың.