/>
Таң 05:18 Күн 06:34 Бесін 12:49 Екінті 17:07 Шам 18:57 Құптан 20:13

Мәдинаны зиярат ету

04/06/2017 1377 0 muftyat.kz

Мәдинаны зиярат ету

 

Мәдина – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қоныс аударған қаласы. Ол жерде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешіті бар. Мәдина қаласын, Пайғамбардың (с.а.у.) мешітін және қабірін зиярат ету – қажылық амалдарына қатысы жоқ, жеке амал.

Мәдинадағы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітін зиярат ету және Алла Елшісінің (с.а.у.) қабіріне барып сәлем беру – нәпіл амалдарға жатады. Бұл зияраттың қажылық сияқты нақты белгіленген уақыты жоқ.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үш мешіттен басқа жерге арнайы сапар жасалады: Әл-Харам мешіті, Алла Елшісінің (с.а.у.) мешіті және әл-Ақса мешіті»,-деп айтқан. (әл-Бұхари)

Бұл мешітке жылдың кез келген уақытында зиярат ету – мұстахап амалға жатады. Себебі ол құлшылық ниетімен өзіне сапар шегуге шариғат заңды еткен қасиетті үш мешіттің бірі. Сондай-ақ әл-Харам мешітінде оқылған намаз басқа мешіттерде оқыған жүз мың намазға пара-пар болғаны зияқты, оның да сауабы жайында Алла Елшісі (с.а.у.): «Бұл мешітімдегі бір намаз, әл-Харам мешітін есепке алмағанда, кез келген мешіттегі мың намаздан артық. Әл-Харам мешітіндегі бір намаз менің мешітімді есепке алмағанда, басқа мешіттердегі жүз мың намаздан абзал»,-деген.

Пайғамбар (с.а.у.) мешітіне барумен қатар Алла Елшісінің (с.а.у.) қабірін зиярат ету үкімі де мұстахап амал. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірін зиярет ету – Алла тағала жақындататын амалдардың бірі. Өйткені Алла Елшісі (с.а.у.): «Қабірімді зиярат еткен ксіге шапағатым уәжіп болады»,-деген. Тағы бір хадисінде: «Қандай да бір мұсылман маған қабірімнің қасында маған сәлем тілесе, сол үшін оған Алла бір періштені өкіл етіп, періште маған сәлемін жеткізеді. Сөйтіп оның дүниесі мен ақыреті мұңсыз болады. Сондай-ақ мен оған Қиямет күні куәгер әрі шапағатшы боламын»,-деген. «Кім мені қайтыс болғанымнан кейін зиярат етсе, маған тірі кезімде келген секілді болады»,-деп Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің қабірін зиярат етіп, сәлем жолдаудың маңыздылығын айтқан. Мәдинаға тұраақтағаннан кейін бүкіл парыз намаздарын Пайғамбар (с.а.у.) мешітіне барып оқыған абзал.

Мәдинадағы Пайғамбар (с.а.у.) мешітіне барғанда мешітке кірердегі дұғаны оқып, оң аяғымен кіреді. Мешітке кіргеннен кейін екі ракағат мешіт сәлемін оқиды. Егер мүмкіндік болса, намазды Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірі мен мінберінің арасындағы «рауда шарифада» оқыған абзал. Намаздан кейін осы нығмет үшін шүкір айтылады. Одан кейін Пайғамбардың қабіріне барып, оған қарап тұрып: «Әс-саламу ′алайка, ей, Алланың Елшісі. Әс-саламу ′алайка, ей, Пайғамбар. Әс-саламу ′алайка, ей, Алланың таңдаулысы. Саған және әулетіңе, әйелдеріңе, ұрпақтарыңа есендік болсын! Елшілікті толық жеткізгеніңе, аманатты толық атқарғаныңа, үмбетіңе адал болғаныңа, қараңғылық пердесін сыпырып, ақиқатты түсіндіргеніңе, Алла жолында лайықты күрескеніңе, өзіңе ажал келген сәтке шейін дінді орнатқаныңа куәлік етемін. Аллаһым, оған жаннаттағы дәрежені және жоғарғы орынды сыйлашы. Оны Өзің уәде еткен мақтаулы орында тірілте гөр»,-деп айтады.

Сосын оң жағына қарай аздап жүріп Әбу Бәкірге сәлем тілейді. Тағы кішкене жылжып, Омарға сәлем тілейді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітін зиярат еткенде кездегі жасалатын қателіктер

  • Мешіттің терезе-дуалдарын т.с.с. нәрселерді сипамау, сүймеу.
  • Дұға оқығанда қабірге қарап емес, Құбылаға қарап жасау.

Мәдинаның көрікті орындарын зиярат ету

  1. «Бақиғ» қабірі. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешіті орналасқан мешіттің шығыс тарапындағы қабір. Онда жерленген сахабалардың саны он мыңнан асады. Олардың ішінде Бәдір мен Ухуд шайқасында қаза болған шаһидтер жатыр. Сонымен қатар үшін халифа Осман ибн Аффан да осында жерленген.
  2. «Ухуд шаһидтері». Ухуд тауының жанында орналасқан Ухуд шайқасында қаза тапқан шаһид сахабалардың қабірін зиярат ету. Бұл екі қабір басында Пайғамбарымыз (с.а.у.) үйреткен дұғаны оқу – сүннет.

السَّلاَمُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّياَرِ، مِنَ المُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، وَإنَّا إنْ شَاءَ اللَّه بِكُمْ لاَحِقُونَ وَيَرْحَمُ اللّهَ الْمُسْتَقْدِمِينَ مِنَّا وَالْمُسْتَأْخِرِينَ، أَسْأَلُ اللَّهَ لَنَا وَلَكُمُ الْعَافِيَةَ

«Әс-Сәләму аләйкум әһләд-диәри минәл-мумининә уәл-муслиминә, уә иннә иншә Аллаһу бикум ләхиқун, уә йәрхамуллаһул-мустақдиминә миннә уәл-мустәхирин. Әс-әлуллаһә ләнә уә ләкумул-ъафиәһ».

Мағынасы: «Әссәләму алейкум уа, бұл қорымда жатқан мүмін, мұсылмандар! Алла қаласа біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз. Бізден бұрын өткендерді де, бізден кейін өтетіндерді де Алла рақымына бөлесін. Алладан өзімізге де, сіздерге де жарылқау сұраймыз».
  1. «Құба» мешіті. Құба мешіті Мәдинаның оңтүстік батысында орналасқан. Бұл Исламдағы ең алғашқы салынған мешіт.Үйден дәрет алып барып, бұл мешітте екі ракағат намаз оқу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім үйден дәрет алып, одан кейін Құба мешітіне келіп намаз оқыса, умраның сауабындай сауап алады»,-десе, Ибн Омар: «Алла Елшісі (с.а.у.) Құба мешітіне көлікпен де, жаяу да барып, екі ракағат намаз оқып келетін»,-деген.
  2. «Екі құбылалы мешіт». Бұл – Мәдинаның солтүстік батысында орналасқан мешіт. Екі құбылалы мешіт деп аталу себебі – онда екі құбыла бар. Бірі солтүстік жағындағы Палестинадағы Құдыс қаласына қараса, екіншісі оңтүстік жағындағы Меккеге қарайды.
  3. «Ғамама» мешіті. Бұл мешітті Алла Елшісі (с.а.у.) айт намаздарын оқыған.