/>
Таң 03:44 Күн 05:20 Бесін 12:52 Екінті 18:03 Шам 20:18 Құптан 21:55

Умра

05/06/2017 1128 0 muftyat.kz

УМРА

 

Біздің елден баратын қажылар көбінесе таматтуғ қажылығын орындайтындықтан, таматтауғ қажылығына ниет еткен адам алдымен умраға ниет етіп, оны атқаруы тиіс.

Умра амалдары

  1. Ихрам
  2. Тауап жасау
  3. Сафа мен Маруаның арасында жүру
  4. Шаш алдыру неме қысқарту

Таматтуғ қажылығының умрасы белгіленген миқатта немесе ұшақтың ішінде не ұшақпен ауысым жасайтын елдің әуежайында не үйден ихрамға кірумен басталады.

Ихрам дегеніміз – Қажылық және умра немесе екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақыттарда істеуіне рұқсат кейбір іс-әрекеттерді өзіе харам деп қабылдауды – ихрам дейді. Ихрам киімі екі бөлек таза ақ матадан тұрады. Ал әйел адамың ерлер секілді арайы ихрам киімі болмайды. Ол күнделікті иетін кез келген киімін кие береді. Алайда аса сәденуі дұрыс емес.

 

Ихрамға қалай кіреді?

Ихрамға қажылық не умраны орындайтын адам, соы жүрегімен ниет етіп тәлбия айту арқылы кіреді. Мүмкіндік болса, ғұсыл және дәрет алып болғаннан кейін оқылатын екі ракат намазды әдеттегі түрде оқыған абзал. Намаз оқып болғанан кейін былай деп ниет етеді:

«Ләббәйка Аллаһумма умратан уә хажжан»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! умрамен қажылықты өтеу ниетімен Өзіңнің алдыңда тұрмын.

Қажы тәлбия айту арқылы ол өзіің ғибадатты бастағанын хабарлайды.

 

Тәлбияны ер кісілер дауыстап, әйелдер іштерінен айтады.

Тәлбия: «Ләббәйкә Аллаһумма ләббәйк. Ләббәйкә лә шәрикә ләкә ләббәйк. Иннәл-хамда, уән-ниъмәтә, ләкә уәл-мулк. Лә шәрикә ләк»

Мағынасы: «Уа, Аллаһым! Міне мен Сені алдыңдамы. Міе, мен сенің алдыңдамын. Сенің ешбір серігің жоқ. Міне, мен сенің алдыдамын. Расында мадақ та, ығмет те, мүлік те Саған ғана тән. Сенің серігің жоқ».

Тәлбия уақыты: Умра кезінде ихрам кигеннен бастап, Қағбаны көргенге дейін айтылып отырады.

 

Ихрамдағы адамға тыйым салынаты амалдар

  1. Ер кісіге кәдімгі тігілген киімдердің бірін киюі. Сондай-ақ аяқ башпайлары көрініп тұратын шәркейден басқа аяқ киім киюі. Ихрам кезінде екі бөлек ақ матадан басқа киімдер тыйым салынады.
  2. Ер кісіге бас пен бетті бүркеуі, ал әйел кісіге бетті бүркеуі. Алайда бөтен ер кісілердің қасында бетін көлегейлеуіне рұқсат етіледі.
  3. Өз шашын да ихрамдағы басқа кісінің де шашын қырқу.
  4. Хош иісті майлар мен әтірді денеге және ихрам матасына жағу. Ихрам киерден бұры деннеге сепкен әтірдің қалдығына рұқсат етіледі. Ал ихрам киімінде иіссуды қалдығы болса, оны міндетті түрде жуу қажет.
  5. Тырақ алу, денедегі түктерді жұлу не қыру.
  6. Әйелімен жыныстық қарым-қатыасқа түсу әрі соған шақыраты сөздер мен қылықтар.
  7. Шариғат талаптарын орындаудан бас бастартып, пасықтық іс-әрекетке бару.
  8. Ихрамдағы кісі қасына еріп шыққан не бөтен адамдармен болсын, мүлде таласуына, дауласуына, ұрысуына болмайды.
  9. Мекке мен Мадина қалаларының айналасындағы харам аймағыа кірген адам, ер болсын, әйел болсын өздігінен өсіп тұрған ағашты, басқа да өсімдіктерді кесуге, сындыруға, жұлуға болмайды.
  10. Мекке Мадина қалаларының айналасындағы харам аумағыа кірген адам аң аулауына және соға көмектесіп, жол көрсетуіне болмайды.

Ихрам кезінде рұқсат етілетін амалдар

  1. Теңіз хайуанаттарын аулау.
  2. Түйе, сиыр және қой-ешкі сойып жеу. Өйткені бұлар аңшылық олжасына жатпайды.
  3. Жеңіл-желпі жуыну. Басты денені жуған кезде шаштардың және денедегі түктердің өздігінен түсуінің оқасы жоқ. Алайда оы ысқылып, жұлып түсіруге болмайды.
  4. Тобықты жаппайтын аяқ-киім кию.
  5. Күнге қарсы үйдің, көлікің қасын пайдалану және қолшатыр ұстау.
  6. Жарақаттанғанжердің матаме таңу, тіс жұлдыру, сынған жерді салу және ихрам киімін жуу не ауыстыру.
  7. Зиянкес жәндіктерден қауіп төнген жағдайда оларды өлтіру.
  8. Қол сағат, белдік, көзілдірік, жүзік тағу.
  9. Құлақтың дұрыс естуі мен басқа да хабарлар тыңдау үшін арнайы құрылғы пайдалану.

Тауап жасау

Тауап жасау дегеніміз – Қсаиетті Қағбаы жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауап – Алла тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес, Алла тағалага деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалаты ғибадат. Ихрамға кірген адам миқатта өткеннен бастап, Қағбаны көргенде дейін тәлбия айтуын тоқтатады. Қажы әл-Харам мешітіне оң аяғымен:

Арапша.........

«Әъузу билләһил-ъазыйм, уә би уәжһиһил-кәрим уә султаниһил-қадим миаш-шайтанир-ражим. Бисмилләһ, уәс-салату уәс-сәләму ъалә Расулилләһ. Аллаһуммафтах ли әбуәбә рахматик» деген дұғаны оқып кіреді.

Мағынасы: «Ұлы Алладан, Оың ардақты дидарымен және Оың ежелгі билігімен лағнетке ұшыраған шайтанның азғыруынан пана болуын сұраймын. Алланың атымен, Алланы Елшісіне Оның игілігі мен сәлемі болсын! Уа, Аллам! Маған мейірім есіктеріңді аша гөр»

Бұл дұғаны барлық мешіттерге кірерде оқу сүннет амалдарыа жатады әрі сауапты амал.

Одан кейін умра жасаушы ер азаматтар ихрамыың оң иығын ашып, Қағбаның оңтүстік жағындағы бұрышындағы «Қара тас» тұрған жерден бастап:

«Бисмилләһи Аллаһу Акбар!»

деп бастайды.

Ескерту: Тауап жасау барысында қара тастың тұсына келгенде басқаларға сүйкеніп, зиян тигізетіндей әрекеттер жасаудан сақ балу қажет.

Мүмкіндік болса, қара тасты сүйгені абзал. Егер қатты кептеліс болса, онда өзге қажыларға зиян келтіріп бармаған дұрыс. Сондай-ақ тауап жасағанда санақ қара тастың бұрышынан басталып, Қағбаны жеті рет айналады. Қағбаны айналу кезінде қара тастың тұсына жеткенде оған сәлем беріп, оң қолды көтеріп, алақанын қарата: «Аллаһу Акбар!» дейді. Қара тас орналасқан бұрыштың сол жағында «Йемен бұрышы» бар. Йемен бұрышына жеткен уақытта мүмкіндік болса, сол бұрышты ұстаған абзал. Адамдармен сығылысп ұстаған дұрыс емес. Йемен бұрышы мен қара тас бұрышының арасында:

«Раббәнә әтинә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил-ахирати хәсәнәтән, уә қинә ъазәбән-нәр» дұғасын оқиды.

Мағынасы: «Раббымыз, бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және тозақ азабынан сақтай гөр».

Тауап жасау барысында жоғарыдағы аталмыш дұғаны және басқа да білген дұғаларын оқуына әрі өз тілінде ішкі тілегін айтуына, Құран оқуына болады.

Тауап жасауда жүру қиындық туатын кісілер арнайы арбамен Қағбаны айалып, тауап жасауына болады.

 

Тауап түрлері

Тауаптың бес түрі бар:

  1. Қадум тауабы. Бұл – сырттан келетін адамдардың Меккеге келген уақытта Қағбаға сәлем беру ретінде жасайтын алғашқы тауап түрі. Бұл тауапты жасау – сүннет.
  2. Ифада тауабы. Қажылардың Арафат жазығынан қайтқаннан кейін жасайтын тауап түрі. Бұл қажылықтың үшінші парызына кіреді. Мұны зиярат тауабы деп те атайды.
  3. Қоштасу (уадағ) тауабы. Қажылық амалдарын орындап болғаннан кейін Меккеден қайтаты кезде атқаратын тауап түрі. Қажылыққа сырттан келетін адамдар үшін бұл тауапты жасау – уәжіп. Бұл тауапты жасау арқылы қажылық амалдары тәмамдалады.Тауаптан кейі қажылар Қағбамен қоштасып, отандарына қайтады.
  4. Нәпіл тауабы. Мекке мұсылмандарының әрдайым жасап тұратын тауап түрі. Мұы сырттан келген адамдар да жасауына болады. Нәпіл тауап жасау – әпіл намаз оқудан да абзал. Өйткені намазды кез келген мешіттетерде оқуға болады. Алайда тауапты тек Қағбада ғана орындайды. Сондықта қажы нәпіл тауапты көбірек орындаған абзал.
  5. Умра тауабы. Умраға барғанда жасалатын тауап. Бұл тауаптың алғашқы төрт айналымы – умраың парыздарынан, міндетті түрде жасалуы керек. Жасалмаған жағдайда умрасы дұрыс болмайды. Егер қалған үш айналым тауап орыдалмай қалған жағдайда, арнайы жаза өтеліп, бір қой шалып кәффараты беріледі.

Тауап жасау барысында ескеретін жайттар

  • Қағбаның жанында «Хижр» деп аталатын жартылай тұрғызылған шеңбер тәріздес қабырға бар. Бұл қабырға – Қағбаның бір бөлігі. Кей адамдар тауап жасағанда осы қабырғаның ішінен айналады. Бұл қате. Сондықтан тауап жасағанда осы қабырғаның сыртынан айналу қажет. Егер тауапты хижрдың ішінен айалса, онда ол Қағбаның ішінен айналған болып есептеледі.
  • Қағбаның қабырғаларын сүюге, Қағба матасын ұстап, оны теберік етіп, өзіндегі затпен яки жайнамаз, орамал секілді нәрсемен сүртуге және Мақаму Ибраһимді ұстауға болмайды.
  • Тауап жасау кезіде әйелдер ерлермен қатты араласып кетуіне болмайды. Әсіресе, қара тас пе Мақаму Ибраһимнің маңында ер мен әйел бір-бірімен тығыз араласып кетуі дұрыс емес. Мұдайдан алыс болу керек.

Тауап жасап болғаннан кейін ерлер тауап жасау барысында ашқан иықты қай жабады. Сосын екі ракағат намаз оқиды. Мүмкіндік болса, бұл намазды Мақаму Ибраһимнің артында тұрып оқу – сүннет амалы. Егер ол жерде орын болмай, қиындық туған жағдайда харам мешітінің басқа да жерлерінде оқуға болады. Намазда бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін «Кәфирун» сүресін, екінші ракағатта «Ықылас» сүресін оқу – сүннет. Алайда қажы қаласа басқа сүрелердің оқуына болады.

Кәфирун» сүресі

«Бисмилләһир-Рахманир рахим.

Қул йә әйюһәл-кәфирун. Лә аъбуду мә таъбудун. Уә лә әнтум ъабидунә мә әъбуд. Уә лә әнә ъабидум-мә ъабәдтум. Уә лә әнтум ъабидунә мә аъбуд. Ләкум динукум уә лия дин».

Ықылас сүресі

«Бисмилләһир-рахманир рахим.

Қул һууаллаһу әхад. Аллаһум-самәд. Ләм йәлид, уә ләм йуләд, уә ләм йәкул-ләһу куфууән әхад».

Сағи жасау үлгісі

Тауап жасап болғаннан кейін Сафа мен Маруаның арасында жүруге шығады. Сафа төбешігіне жақындап тұрып Алла тағаланың Құранда бастағаны тәрізді қажы да:

«Иннәс-сафа уәл-маруата мин шаъайрилләһ. Фәмән хажжәл-бәйтә әуиътәмәра фәлә жунәха ъалейһи әййәттаууәфә биһимә. Уә мән тәтаууаъа хайран фә-инналлаһә шәкирун ъалим» деген аятты оқу арқылы құлшылығын бастайды.

Мағынасы: «Расында Сафа мен Мәруа – Алланың белгілерінен. Сонда кім қажылық неме умра орындаса, ол екеуінде тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кім қосымша жақсылық жасаса, Алла- шүкірлікті Қабыл етуші, толық Білуші» (Бақара сүресі, 158-аят.)

Аятты оқып болғаннан кейін Сафа төбесіне көтеріліп, Қағбаға қарап, екі алақанын көтере жайып, Аллаға мадақ, «Аллаһу Акбар» деп тәкбірлер, шын көңілмен дұға жасап, былайша мадақ айтады:

«Лә иләһә иллал-лаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу, әнжәзә уәъдәһу, уә насара ъабдаһу, уә һәмәзәл-әхзәбә уәхдаһу» деген дұғаны оқыған абзал. Аталмыщ мадақтар мен тәкбірді және дұғаны үш реттен оқыған жақсы.

Мағынасы: «Жалғыз, серігі болмаға Алладан басқа құдай жоқ. Билік пен мадақ Оған тән. Ол әр нәрсеге Құдіретті.Жалғыз Алла өзге құдай жоқ. Ол уәдесін орыдады, пендесіне (Пайғамбарға) көмек берді (жеіске жеткізді, бүкіл топты жалғыз Өзі жеңді».

Бұл дұғаны оқып болғаннан кейін өзіне, отбасына, жақындарына, барша мұсылмандарға және көңіліндегі кез-келген дұға-тілегін айтып, жалбарынады.

Сосын Сафа төбешігінен түсіп, Мәруә төбешігіне қарай жүреді. Мүмкіншілік болса сүннетте келген дұғалармен әрі көңіліндегі шын ықыласымен жақындарына, мұсылмандарға өз тілінде көп дұға жасайды. Сондай-ақ «Бақара» сүресіндегі аталмыш 158 аятты қайталап оқыса да болады. Сағи жасайтын жердің ұзындығы 450 метр шамасыда.

Ескерті: Екі төбешік арасында кездесетін жасыл жолақтардың арасында ерлер баяу жүгіріспен жүгіреді, ал әйелдер ақырын жүреді.

Маруа төбесіне жеткенде:

  • Жүзін Құбылаға бұрып, Сафа төбесіне көтерілген оқыған дұға-тілектерін қайталап, қалағанын жалбарынып, дұға жасайды. Сосын төмен түсіп, Сафаға қарай жүріп жасыл жолаққа жеткенде ақырын жүгіріп, екінші жолағына елгенде ақырын жүріспен жүрісін жалғастырады. Сөйтіп Сафаға көтеріліп тағы қайталайды. Осылайша жеті рет айналып сағи жасайды. Сағи деген Сафа мен Маруаның арасында жүруді білдіреді. Сафадан Маруаға бару – бірінші айналымды, Маруада Сафаға дейін екінші айналымды білдіреді. Сағидың бірінші айалымы Сафадан басталып, жетінші айналымы Маруадан аяқталады.
  • Екі аралықта жаяу жүруге жамасы жетпеген адам арнайы арбаға отырып айналуға болады.  

Етеккір және нифас халіне түскен әйелдер сағи жасауына рұқсат етіледі. Себебі ол тауап жасайтын жерлерге жатпайды.

 

Сағи барысында ескерілетін жайттар

  • Әйелдер екі жасыл жолақ арасында жылдам яки жүгіруі дұрыс емес.
  • Сафа мен Маруа төбешіктерінің арасында сағи жасап болғаннан кейін шашты тықырлап алу немесе қысқартуды Маруа төбешігінде не мешіт ішінде жасауға жол бермеу. Арнайы шаш алатын орындарда қасиетті мешітті таза ұстау мақсатында алдырған дұрыс.
Әйел адам шаш қысқартқанда шашының ұшынан саусақ ұшының көлеміндей мөлшерде қысқартады.