/>
Таң 03:44 Күн 05:20 Бесін 12:52 Екінті 18:03 Шам 20:18 Құптан 21:55

Қажылықтың пайдасы

06/06/2017 941 0 muftyat.kz

Қажылықтың пайдасы

 

- Сөз бен амалдарымызға  ерекше мұқият болуға үйретеді;
- Бауырмалдық сезімді күшейтіп, барлығымыз  Аллаһ Елшісінің  (с.ғ.с.) үмметі екенімізді еске салады; 
- Жүректерімізді жібітіп, күнәларымыз кешіріледі.

 

Бір күні Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.):

–   Исламда  ең абзал амал қандай? – деп сұрады.

– Аллаһқа және  Елшісіне (с.ғ.с.)  иман келтіру, – деді.

– Одан кейін  ше?

– Аллаһ жолында жиһад ету.

– Одан кейін қандай? – деп тағы сұрағанда:

– Қабыл болған қажылық, – деп жауап берді.

 Аллаһ тағала былай дейді: «Қажылық және умраны Аллаһ үшін толық орындаңдар» («Бақара»  сүресі, 196-аят).


Қажылық – жаман әдеттерімізді тастап, көркем мінез-құлық қалыптастыруымыз үшін үлкен мүмкіншілік. Өйткені, ихрам кигеннен көптеген пендешілік әрекеттерді тоқтатуға міндеттісіз.  Тіпті, өсімдікті жұлудың, тігісті киім киюдің, иіссу жағудың да жазасы бар. Дәлірек айтқанда Аллаһтың әмірі мен тыйым салғандарына басқа күндерге қарағанда да ерекше ұқыптылық танытамыз.  Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  былай дейді:

«Жаман сөз айтпастан және үлкен күнә жасамай қажылық жасаған адам анасынан жаңа туғандай үйіне күнәсіз оралады» (Бухари, Хаж 4).