/>
Таң 06:25 Күн 07:44 Бесін 12:40 Екінті 15:48 Шам 17:30 Құптан 18:49

Қажылық әдептері

09/06/2017 1357 0 Muftyat.kz

1. Қажылық, не умра жасаушы кісі Аллаға жақындауды ниет етіп, мақтангершілікке, жалған атаққа және көзбояушылыққа жол бермеуі керек.

 

2. Алған қарыздарын өтеп, қолында аманат заттар болса иесіне қайтарған, не сапарға шығып бара жатқанын ескерткені жөн.

 

3. Өткен күнәларына өкініп тәубеге келу және ондай күнәларды қайталамауға шешім қабылдау.

 

4. Біреулерге қатысты әділетсіздік жасаған болса, оның орнын толтырып, кешірім сұрау.

 

5. Халал қаражатпен жолға шығу.

 

6. Барлық күнә атаулыдан бойын аулақ салу, ешкімге зиян тигізбеу, балағаттамау, сыртынан тілдемеу, дауласпау және өтірік айтпау.

 

7. Қажылық пен умра үкімдерін мұқият орындауы тиіс.

 

8. Барлық парыздарына, оның ішінде бас уақыт намазды жамағатпен оқуға көңіл бөлу, Құран оқу, зікір ету, дұға жасау, адамдарға қарайласу, мұқтаждарға көмек қолын созу, кедей-кепшікке садақа тарату, жақсылыққа бұйырып, теріс істерден қайтару сияқты сауапты іс-амалдарды көбейту.

 

9. Жолсерік ретінде ізгі, салиқалы адамды жолдас ету.

 

10. Сабырлылық, кешірімшілдік, жайсаңдық, жұмсақтық, байсалдылық, кішіпейілділік, жомарттық, әділдік, мейірімділік, аманатшылдық, шыншылдық, ұялшақтық сияқты көркем мінезді болу.

 

11. Сапарға шығар алдында отбасына Аллаға бойсұнуда болуды табыстау.

 

12. Сүннетке сай дұғаларды, соның қатарында сапар барысында айтылатын дұғаларды қалдырмай айтып жүру.