МИНА
03/06/2017 2046 0 muftyat.kz

Зул-хижжа айының 8-күнін «йәумут-тәруия» деп атайды. Бұл сөз тіркесі «шөл қандыратын күн» деген мағына береді. Ерте кезде қажылар Меккеден 25 шақырым жердегі Арафат тауына жаяу жету үшін жолға су толтырып алып шыққан. Бұл күні қажыға барған мұсылмандар Мекке мен Арафат тауының арасында орналасқан Минаға бет алады. Минаға жеткенде қажы былай деп дұға айтады:
Аллаһумма һәзиһи минә фәмнүн ғаләйә бимә мәнәнтә биһи ғала әулийәәіикә уә әһли таағатика, сүбханәлләзи фис-сәмәәіи ғаршуһу сүбханәлләзи филарди сатуатуһу, сүбханәлләзи фил-бахри сәбиилуһу, сүбханәлләзи фин-нәәри сұлтаануһу, сүбханәлләзи фил-жәннәти рахмәтуһу, сүбханәлләзи рафағас-сәмәәіә уә уадағал-арда би-құдратиһи. Сүбханәлләзи лә мәнжә уә мәлжәіә минһу иллә иләйһи.
Мағынасы:
Я, Алла! Бұл – Мина. Әулиелер мен Саған құлшылық еткен халықтарға жасаған қайырымыңды маған да көрсет.
Аспанда тағы бар Саған – мақтау.
Жерде билігі бар Саған – мақтау.
Теңізде жолы бар Саған – мақтау.
Отқа әмірі бар Саған – мақтау.
Жаннатта рахметі бар Саған – мақтау. Бар мақтауымыз – құдіретіңмен Аспанды көтерген, Жерді қойған Саған. Бар мақтауымыз – баспана беруші, құтқарушы Саған.