Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі
12/04/2019
Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Уәжіптігінің дәлелдері:
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал»[4] – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.